Азиада: Қазақстандық ескекшілер екі қола медаль жеңіп алды

2 Қазан 2023, 09:12
571
Бөлісу:
Азиада: Қазақстандық ескекшілер екі қола медаль жеңіп алды
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Ханчжоудағы 2023 жылғы Азия ойындарында (Қытай) ескек есуден финалдық жарыстар басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Отандасымыз Кирилл Тубаев байдаркада және каноэде есу бойынша МК1 1000 м дисциплинасында 3-ші орын алды.

Ал Тимофей Емельянов байдаркада және каноэде есу бойынша MC1 1000 м бағдарламасында 3-ші орын алды.

Осылайша Қазақстан қоржынындағы медаль саны 33-ке жетті.

Өзгелердің жаңалығы