Бүгін IX қысқы Азия ойындарында шаңғы жарысы командалық эстафетамен аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан ерлер құрамасы (4×7.5 км) мәреге үшінші келіп, қола жүлдеге ие болды. Жарыс жолына Константин Борцов, Наиль Башмаков (классикалық әдіс), Олжас Климин мен Владислав Коволёв (еркін әдіс) шықты.
Мұнда барлығы 9 елдің құрамасы жүлдеге таласты. Жарыс қожайыны Қытай чемпион атанса, күміс Жапония шаңғышыларында. Айта кетейік, шаңғы жарысынан Харбин-2025 бәсекесінде Қазақстан 4 жүлде қол жеткізді.
Осыған дейін жекелей сында Константин Борцов күміс, Олжас Климин қола олжаласа, әйелдер командасы эстафетада күміске қол жеткізді.