Азиада-2023: Қазақстан құрамасы алтыншы алтын медальды еншіледі

26 Қазан 2023, 14:43
570
Бөлісу:
Азиада-2023: Қазақстан құрамасы алтыншы алтын медальды еншіледі
Фото: Туризм жəне спорт министрлігінің ресми telegram-каналы

Дастан Мұқашбеков - Азия пара ойындары чемпионы атағына ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Туризм жəне спорт министрлігінің ресми telegram-каналы мәліметінше, қазақстандық спортшы Дастан Мұқашбеков Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарында жеңіл атлетикадан (ядро) алтын медаль иегері атанды. 

Оның нәтижесі  - 15,74 м. 

Сондай-ақ осы санатта қазақтандық Иван Зелезняк 12,39 м нәтижесімен қола медаль жеңіп алды, ал екінші орын БАӘ спортшысына бұйырды. 

Дастанды жарқын жеңісімен құттықтаймын! Бүгін ол кәсіби тұрғыда шеберлігі мен жеңіске деген сенімділігін айқын көрсетті. Оған болашақта да жоғары нәтижелерге қол жеткізуін тілеймін, - деді туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев. 

Айта кетейік, бұл Азия пара ойындарындағы Қазақстан құрамасының алтыншы алтын медалі. Бұған дейін Иван Залезняк - Азия пара ойындарының қола жүлдегері атанған болатын.

Өзгелердің жаңалығы