Азиада-2023: Пара велоспортшылар қола медаль алды

26 Қазан 2023, 09:58
511
Бөлісу:
Азиада-2023: Пара велоспортшылар қола медаль алды

Пара велоспортшылар Азия пара ойындарының қола жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Туризм жəне спорт министрлігінің ресми telegram-каналы мәлім етті.

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарында велоспорттан Қазақстан ерлер құрамасы қола медаль жеңіп алды. 

Команда мүшелері: Кенжеғұл Сейітжан мен Антон Лаврентьев. 

Олардың уақыт көрсеткіші 25:19:49. 

Алтын медальді Оңтүстік Корея құрамасы иеленді ( 23:13.71), ал күміс медаль индонезиялық пара велоспортшылар еншісінде (25:12.17).

Өзгелердің жаңалығы