Ең көп ажырасу деректері – Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелген

18 Желтоқсан 2019, 16:30
4127
Бөлісу:
Ең көп ажырасу деректері – Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелген
Серіктестік материал

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің бас сарапшысы Маржан Дінғалиеваның деректеріне сүйенсек, некесін бұзғандардың орташа жасы – 35-42 жас екен. 

Оның айтуынша, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау өңірлерінде ажырасу деректері аз тіркелген. 

Ерлер үшін некеге тұрғандардың орташа жасы 26-29 жас, әйелдер үшін 23-28. Ажырасулар санының тіркелген некелер санына пропорциясы тұрақты түрде артып келеді, - деп хабарлайды «Қазақ радиоларының» жаңалықтар қызметі. 

2017 жылы 141 мың 785 неке тіркеліп, 54 мың 948 неке бұзылған (арақатынасы 2,6); 2018 жылы 138 мың 876 неке тіркелген, 54 мың 859 неке бұзылған (арақатынасы 2,5); 2019 жылы (9 желтоқсанға дейін) 124 мың 92 неке тіркеліп, 53 мың 775 неке бұзылған (арақатынасы 2,3). 

Ажырасудың ең төменгі деңгейі Түркістан (18,7%), Қызылорда (23,8%), Маңғыстау (24,9%) облыстарына тиесілі. Ал Алматы, Нұр-Сұлтан, ШҚО, БҚО, Ақмола және Қарағанды облыстарында неке қиғандар мен бұзғандар санының арақатынасы – 3:1. Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында бұл көрсеткіш шамамен 2:1. Биылдың өзінде Нұр-Сұлтан қаласында (9 желтоқсанға дейінгі мәлімет) 10 мыңнан астам неке қиылып, 4 мыңнан астамы бұзылған. Алматы қаласында 16 мыңнан астам неке қиылса, 7 мыңға жуығы ажырасқан. Шымкентте 7 мыңнан астам неке тіркеліп, 2 мыңнан астамы бұзылған. 

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жастар жылының жабылу салтанатына арналған жиында "қазіргі таңда ажырасу фактілері түйткілді мәселенің біріне айналды. Бұған әлі күнге дейін баса мән берілмей отыр", - деген еді.


прьрп.jpg

Өзгелердің жаңалығы