Өзбекстанның Самарқанд облысында әйел әжетханада босанып қалып, жаңа туған сәби шұңқырға құлап кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
NOVA24.uz басылымы таратқан дерекке сәйкес, сәби әйелдің бесінші баласы екен. Салмағы 3,7 келі болып дүниеге келген шақалақ қазір дәрігерлердің қарауында.
Белгілі болғандай, жаңа туған нәресте шұңқырда 2 сағат жатқан. №1 аудандық ішкі істер бөлімінің профилактика инспекторлары баланы әжетханадан алып шықты. Сәбиді құтқарып қалу үшін олар шұңқырды қазуға тура келген.
Баланы орталық аудандық ауруханаға жеткізіп, арнайы қарқынды терапия бөлімшесінде ем тағайындалды. Дәрігерлердің оның жағдайын қанағаттанарлық деп отыр.