"Әжесін итеріп, құлатқан". Прокурор оқиғаның қалай болғанын айтты

10 Сәуір 2025, 14:50
2026
Бөлісу:
"Әжесін итеріп, құлатқан". Прокурор оқиғаның қалай болғанын айтты
Фото: BAQ.KZ

Прокурор Ержан Құрақбаев күдіктілердің сұмдық әрекеттерін жария етті, деп хабалайды BAQ.KZ тілшісі.

Шерзат Болаттың әжесі Қамажай дүкеніне бара жатқан кезде оның алдынан Шынасыл (күдікті) шығып, итеріп, арыққа құлатқан. Кейін анасы баласының (Шерзат Болаттың) асфальттың үстінде отырғанын көріп, соған қарай бармақшы болған кезде оның алдынан Ілиясов пен Шынасыл шығып, анасының екі білегінен ұстап жібермей қойған. Ағасы Нұрғанат Гайпбаев інісі Болаттың "Нұрғанат аға маған бірдеңе сұғып алды" деген даусын естіп, жедел жәрдем шақыра бастаған, - дейді прокурор.

Еске салайық, осыған дейін күдіктілер Шерзат Болаттың жүрек тұсына пышақ сұққанын жазған едік.

Өзгелердің жаңалығы