Гиннес рекордтар кітабына енген қазақ әже қаза болды

30 Қазан 2019, 15:05
3935
Бөлісу:
Гиннес рекордтар кітабына енген қазақ әже қаза болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейдің Астрахан облысындағы әлемдегі ең қарт қазақ әжей Танзиля Бисембеева 125 жасында қайтыс болды, деп хабарлады РИА Новости. 

Осы жылдың қаңтар айынан бастап Танзиля Бисембеева әлемдегі ең қарт адам болып саналды. Ол Ресейдің рекордтар кітабына енгізілген. 

"Соңғы үш айда ол төсек тартып жатты, 25 қазанда өмірден өтті. Өзінің бүкіл өмірін өткізген Алча ауылындағы зиратқа жерленді", - деді ауыл кеңесінің басшысы Эльман Такиев. 

Танзиля Бисембеева 1896 жылы Ресейде дүниеге келген, сегіз баланың үлкені. Ол бірнеше революцияны, Бірінші және Екінші Дүниежүзілік соғысты, КСРО-ның құлауын да көрген. 

Қазір Гиннестің рекордтар кітабы бойынша ең қарт адам ретінде жапониялық Канэ Танака көрсетілген. Ол 116 жаста.

Өзгелердің жаңалығы