Әзербайжанның Гянджа қаласы зымыранмен атқыланып, 12 адам қаза тапты

17 Қазан 2020, 10:05
2788
Бөлісу:
Әзербайжанның Гянджа қаласы зымыранмен атқыланып, 12 адам қаза тапты
PHOTO

Алматы, BAQ.KZ. Армения қарулы күштері Әзербайжанның екінші үлкен қаласы Гянджаны зымыранмен атқылады. Қайғылы жағдайдан 12 адам қаза тауып, 40 шақтысы жарақат алған. 

Жағдай 17 қазанға ауған түнде болған. Бұл жайында Әзербайжан Президентінің көмекшісі Хикмет Гаджиев мәлімдеді, деп жазды Sputnik-Әзербайжан.

Әзербайжанның Гянджа қаласы зымыранмен атқыланып, 12 адам қаза тапты

Зымыранмен атқылау кезінде 20 ғимарат қираған, негізінен азаматтық  инфрақұрылымдар мен қаланың автотасымалдауы зардап шеккен. Бас прокуратура атқыланған жерлерде тексеру жүргізіп, зардап шеккендердің тізімін анқытап жатыр. 

Әзербайжанның Гянджа қаласы зымыранмен атқыланып, 12 адам қаза тапты

Әзербайжан тарапының мәліметінше, Гяндже қаласы СКАД (Р-17) жедел-тактикалық баллистикалық зымырандармен атқыланған. 

Әзербайжанның Гянджа қаласы зымыранмен атқыланып, 12 адам қаза тапты

Хикмета Гаджиевтің айтуынша, Әзербайжан әуе қорғаныс күштері Мингячевиру қаласына атылған зымырандардың соққысын жоя білген.

Өзгелердің жаңалығы