Әзербайжанда қарасора өсірді деген күдікпен екі адам ұсталды

Қылмыстық іс қозғалды.

 Report 25 Сәуір 2026, 18:48
25 Сәуір 2026, 18:48
888
Фото: Report

Ширван қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері есірткілік заттар бар өсімдіктерді өсірді деген күдікпен Шахрияр Асланлы мен Салман Гасановты ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Report-қа сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, аумақты тексеру барысында агротехникалық талаптарды сақтай отырып өсірілген 52 түп сора анықталған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот шешімімен күдіктілерге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Наверх