Әзербайжан мен Армения Карабақтағы жағдайдың ушығып кеткенін мәлімдеді

27 Қыркүйек 2020, 15:39
2343
Бөлісу:
Әзербайжан мен Армения Карабақтағы жағдайдың ушығып кеткенін мәлімдеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әзербайжан мен Арменияның Қорғаныс министрліктері Карабақтағы жағдайдың ушығып кеткенін мәлімдеді.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі АЗЕРТАДЖ-ға хабарлағанындай, 27 қыркүйекте сағат 06:00 шамасында Армения қарулы күштері әзербайжан әскері мен шиеленіс болған жерге жақын орналасқан елді мекендерге ірі калибрлі мылтықтан, минометтерден және әртүрлі калибрдегі артиллериялық құрылғылардан оқ жаудырған. 

Әскерилер мен тұрғылықты азаматтар арасында қайтыс болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат анықталып жатыр. 

Армения Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, Арменпресс 27 қыркүйекте әзербайжан қарулы күштері шиеленіс болған жерде белсенді шабуылға көшкенін хабарлады. 

Айта кетейік, 12 шілдеде Армения-Әзербайжан қақтығысы қайта өршіген болатын. Ереван мен Баку бір-бірін Таулы Қарабақтың даулы аймағының солтүстігінде орналасқан ортақ шекара бөлігінде атысты тоқтату режимін бұзды деп айыптады. Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Әзербайжан-Армения шекарасындағы Товуз аймағындағы армян қарулы күштері Әзербайжан позицияларын артиллериялық оққа ұшыратқан. Армения Қорғаныс министрлігі Әзербайжан әскери қызметшілері УАЗ көлігімен шекараны бұзып, артиллериялық оқ жаудырып, әскери бөлімше орналасқан бөлімшені басып алмақ болғанын хабарлады.

Бұған дейін Әзербайжан Президенті Армения жаңа соғысқа дайындалып жатқанын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы