Алматы, BAQ.KZ. Армения атысты тоқтатып, Қарабақтан әскерін шығарған жағдайда Баку соғыс әрекеттерін тоқтатуға дайын. Бұл туралы Әзербайжан Президенті Илхам Әлиев мәлімдеді, деп жазды оның баспасөз қызметі.
Әлиевтің айтуынша, Армения БҰҰ-нің Қауіпсіздік кеңесінің резолюциясына сай басып алған барлық территорияны босатуы керек.
Мен бұған дейін де айтқанмын. Қазір де қайталаймын, Армения Премьер-министрі басқа территорияның барлығын босату жөніндегі міндетті қабылдайтын болса, біз соғысты бүгін-ақ тоқтатамыз. Әзірге ол мұндай міндеттемені алған жоқ, - деді Әзербайжан басшысы.
Әлиев, сондай-ақ, Армения премьері Никол Пашиняннан Агдам, Кельбеджар, Лачин аудандарын босатуды талап етіп отыр. Әлиевтің сөзінше, Армения соғысты доғарғысы келмейтін сияқты.