Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау 2019 жылғы 1 қазанда басталады. ҚР Президенті тиісті Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 879 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы құжатқа қол қойды. Жарлықтың толық мәтіні төменде келтірілген:ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 879 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттауды 2019 жылғы 1 қазан мен 2020 жылғы 31 наурыз аралығында өткізсін, сондай-ақ осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.».
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 2 сәуір
№ 15