Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жылдық инфляция біздің күткеніміз бойынша қалыптасуда. Қыркүйекте 5,3% өсіп, қазан қорытындысы бойынша 5,5% болды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банк басқарма төрағасы Ерболат Досаев бүгінгі Үкімет отырысында айтты.
Оның айтуынша, азық-түлік тауарлары бағасының өсуі инфляцияға барынша көп үлес қосуда. Олардағы бағаның жылдық өсуі 9,7% жеткен.
Нан, тоқаш өнімдері мен жарма бағасы 14%, ет және ет өнімдері 13,8%, балық пен теңіз өнімдері 12,7% өсті. Қазан айында жеміс-көкөніс бағасының жылдық өсімі – 7,6% дейін жеделдеді. 1 ай бұрын ол 3,5% болған. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсуі, бензин бағасының төмендеуімен қазан айындағы 6,5%-дан 5,2% дейін баяулады. Ақылы қызметтер мен баға тарифтерінің өсуі тарифтердің ең төменгі деңгейінде қалды, жылдық көрсеткіш 0,8%,- деді Ұлттық банк төрағасы.
Сонымен қатар, ол әлемдік нарықтардағы азық-түлік қымбаттауы, халық кірісінің ұлғаюы аясында ішкі сұраныстың кеңеюі инфляцияның өсуі үшін негізгі тәуекелдер болып отырғанын айтты.
Бұл ретте осы тәуекелдердің негізінде сауда әріптес елдерге бұрын күтілгеннен төмен инфляциямен және сыртқы мониторлы жағдайлардың жұмсаруына әкеледі. Жыл соңына дейін инфляция деңгейі 5,7-5,8%, яғни 4-6% тарифтілік негізде бағаланады. Осы факторларды ескере отырып Ұлттық банк 28 қазанда базалық мөлшерлемені 9,25% деңгейінде және +/-1тармақ дәлізінде сақтады, - деді ол.
Айта кетсек, Үкімет отырысында 2019 жылдың қаңтар-қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің орындалуы қаралып жатыр.