Қазан айындағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 32 мың теңгеден асты

5 Қараша 2019, 01:33
2460
Бөлісу:
Қазан айындағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 32 мың теңгеден асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 2019  жылдың қазан айындағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 32 176 теңгені құрады. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитетінен хабарлады. 

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2019 жылғы қазанда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 21,7% жоғарылады.

Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі – 19,4%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 14%, жемістер мен көкөністерді – 12,7%, нан және жарма өнімдерін – 7,1%, қант, шай және дәмдеуіштерді 1,8% құрады.
Өзгелердің жаңалығы