Қазан айында ауа райы қандай болады

1 Қазан 2019, 18:58
2110
Бөлісу:
Қазан айында ауа райы қандай болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер қазан айына арналған ауа райына болжам жасады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК  хабарлады. 

Иран аудандарынан жылы ауа массасының түсуіне байланысты еліміздің көптеген аймағында қазан айының алдыңғы аптасында күн жылы болады.

«Термометр бағандары күндіз: солтүстік бөлігінде 15…23 жылы болса, оңтүстік бөлігінде 20…28 градусқа дейін ысиды. Сонымен қатар, айдың басында солтүстікте, орталықта және шығыста түнде ауа температурасы 2…10 суық болады. Кей жерлерде 3 градус жылы болады. Бірінші онкүндіктің соңында Ресейдің Еуропалық аумағынан суық ауа массаларының келуінің әсерінен ауа температурасы төмендейді. Алдымен батыста содан кейін республиканың қалған аумағында жауын-шашын болады. Ауа температурасы күндіз батыс және солтүстік өңірлерде 7…15 жылы болса, шығыста 8…18, оңтүстік өңірлерде 12…20 жылы болады», - делінген хабарламада. 

Қазан айының орташа ауа температурасы Қазақстанның көптеген бөлігінде норма шамасында, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда облысының батысында 1°С нормадан жоғары болады деп болжануда.

Жауын-шашын мөлшері еліміздің көптеген бөлігінде – норма шамасында және нормадан көп болады. Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, кей жерлерде Қостанай және Қарағанды облыстарында нормадан төмен болады деп болжанады.

 

 



Өзгелердің жаңалығы