Азаматтық қорғау қызметі 80 мыңға жуық адамды құтқарды

9 Сәуір 2024, 00:06
470
Бөлісу:
Азаматтық қорғау қызметі 80 мыңға жуық адамды құтқарды
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Бұл туралы ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Су тасқыны жағдайы туралы сағат 00.00-дегі ақпарат: Осы сағатта Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан, Атырау облыстарында 3358 жеке тұрғын үй, 326 аула аумағы және 2089 саяжай үйі су астында қалып отыр. Сондай-ақ республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар автожолдардағы 100 автожолды, оның ішінде 9 көпір және 91 жол төсемін су шайды , 114 жолдың суға толуы орын алды. Бүгінгі таңда еліміздің 69 елді мекенде көлік қатынасы үзілген, - деп атап өтті Ерасыл Сайпаш.

Сонымен қатар ол қанша адамның құтқарылғанына тоқталды.

Азаматтық қорғау қызметтерімен 80 мыңға жуық адам, оның ішінде 29 мыңға жуық бала құтқарылды және эвакуацияланды. Қазіргі уақытта уақытша орналастыру пункттерінде 7656 адам, оның ішінде 3316 бала орналастырылған. ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен 7,911 млн астам текше метр еріген қар суы сорылды. 1,139 мыңнан астам қапшық және 1,013 мың тонна инертті материал төселді. Авариялық-құтқару жұмыстарына 18000-нан астам адам және 3500-ге жуық бірлік техника мен 9 әуе кемесі жұмылдырылды, - деді комитет өкілі.

Айтуынша, еліміздің 9 өңірінде Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жергілікті ауқымдағы 29 ТЖ әрекет етеді.

"Жедел желі" телефондарына 1 125 қоңырау келіп түсті, шұғыл психологиялық көмек көрсетілді – 76. 20 өңірде республикалық және облыстық жедел штабтар жұмыс істейді, - деп толықтырды спикер.

Өзгелердің жаңалығы