Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құтқарушы - батылдықты талап ететін, ауыр әрі жауапты мамандық. Бірақ ТЖМ жүйесінде күрделі және жауапты техникалық және ұйымдастырушылық міндеттерді орындайтын, басқару және қамтамасыз ету органдарында жұмыс істейтін әйелдер қызмет етеді, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Ерлермен қатар ТЖ салдарын жоюға, құтқару жұмыстарына жетекшілік етуге шығады. Өйткені, ТЖМ жүйесінде сүңгуір, ұшқыш, диспетчер әйелдер қызмет етеді. Олар тек қызмет етіп қана қоймай, ерлермен бірге ерлік көрсетеді.
Бүгінгі күні азаматтық қорғау органдарында 3129 әйел қызмет атқарады, оның ішінде әскери қызметшілер мен аттестатталған әйелдер саны 1363, әкімшілік мемлекеттік қызметшілер саны 231, азаматтық қызметшілер саны 15351, әйелдердің орташа жасы 39 жасты құрайды.
ТЖМ жүйесіндегі қызмет нәзік жандылар үшін күрделі, қызықты әрі игілігі мол. Олардың арасында ерлерге тән емес мамандықтарда қызмет ететін әйелдерді атап өткім келеді. Мысалы, жедел-құтқару жасақтарында 74 әйел-құтқарушы, 4 әйел-кинолог, азаматтық қорғаныс және өнеркәсіптік қауіпсіздік желісі бойынша объектілерді тексеруді жүзеге асыратын 77 инспектор, 810 әйел-диспетчер, 58 әйел медицина қызметкері, 57 әйел-психолог.
Әйелдер үшін ТЖМ жүйесіндегі жұмыс күрделі, бірақ қызықты және асыл болып сипатталады. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері өртті сөндірмесе де, маңызды мәселелерді шешеді. Олардың сауатты іс-әрекеттері кейде өрттерді, түрлі төтенше жағдайларды жою іс-әрекеттерінде шешуші мәнге ие.
Кинолог Гуржеева Ольга Александровна, Республикалық жедел-құтқару жасағының кинологиялық бөлімінің басшысы. Жасақта 16 жыл жұмыс істейді. Ол авариялық-құтқару, таулы жерлердегі, жетуі қиын аудандардағы іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысу, соның ішінде көшкіндерден адамдарды іздеу, үйінділерден, әуе апаттары орнынан зардап шеккендерді іздеу жұмыстарына қатысады.
Ұшқыш Нұрғалиева Назель Үсенқызы – ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ ЕС-145 екінші ұшқышы. 2016 жылы «Азаматтық авиация академиясы» АҚ - да ұшқыш мамандығы бойынша бакалавр студенті болып, 2021 жылы оқуын аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасты. Өз қызметінде санитариялық авиация желісі бойынша шұғыл түрде төтенше жағдай орнына ұшып, адамарға көмек береді. Бүгінгі күні ұшу 230 сағатты құрайды, оның 130-ы ЕК ӘК-145.
Құтқарушы – Шолнова Муршида Анваровна Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағының медбикесі. Өзінің еңбек жолын 2012 жылы бастады, ал мейірбике қызметінде 35 жылдан астам уақыт жұмыс істеді. Жұмыс істеген кезеңінде ол бірнеше рет өрт, су объектілеріндегі оқиғалар, хабар-ошарсыз кеткендерді іздеу кезінде шұғыл ден қою іс-шараларына жеке өзі қатысты. ТЖ-ға шыққан кезде жедел құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды атқарған.
Азаматтық қорғау подполковнигі, психолог Ақылова Назира Абдрасылқызы – Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі психологиялық тобының бас маман-психологы, азаматтық қорғау органдарында 2008 жылдың қазан айынан бастап жұмыс істейді. 2021 жылғы 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қоймада болған жарылыс кезінде болған қайғылы оқиға кезінде ол өзінің жоғары кәсібилігін көрсетті. Өйткені ол қайғылы оқиға туралы қаза тапқан өрт сөндірушілердің туыстары мен жақындарына хабарлауға мәжбүр болды. Ол барлық отбасыларға психологиялық көмек көрсетіп, қолдау білдірді. Назира Абдрасылқызы әрдайым ТЖ орын алған оқиғалар, күрделі өрттер кезінде өзінің кәсіби борышын орындайды.
ТЖМ жүйесінде мамандық таңдайтын әйелдер отбасылық әулеттің жалғасуына, тұрақтылығына, әлеуметтік қауіпсіздігіне, мамандықтың әлеуметтік маңыздылығына байланыстымамандығына ынталы. Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың отбасылық әулетін жалғастыратын әйелдер саны – 71.
Негізгі жұмысымен және қызметімен қатар әйелдер өрт-құтқару спортымен айналысады. Олардың арасында әртүрлі республикалық және халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие болған осы спорт түрімен айналысатын чемпиондар мен рекордсмендер бар.
Радиотелефонист, «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» Бажева Айнұр Досмағұлқызы – ТЖМ жүйесінде 2018 жылдан бастап Қостанай облысының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде радиотелефонист болып жұмыс істейді. Оның кәсібилігі, жеделдігі және тез шешім қабылдау қабілеті өрттер мен басқа да ТЖ жоюда шешуші рөл атқарады.
Сонымен қатар Айнұр Досмағұлқызы өрт сөндіру-құтқару спортында үлкен нәтижелерге қол жеткізді. Оның есебінде - Қазақстанның қысқы және жазғы чемпионатының алтын медалі, Республикалық федерация кубогындағы жеңісі, Әлем чемпионатындағы жақсы нәтижеде өнер көрсетуі бар.Сонымен қатар ол өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем рекордсмендерінің тізіміндегі ондыққа кіріп, өзін перспективалы спортшы ретінде көрсетті.
Кинолог, ұшқыш, құтқарушы, медик әйелдер, инспектор, диспетчер – біздің жүйеде нәзік жандылар меңгермеген кәсіп жоқ. Олар кез-келген істі дөңгелетіп әкетеді. Біздің саламызда қызметте ерекше табыстарға жеткен әйел адамдар бар. Осыған олардың атқарып отырған басшылық лауазымдары, атақтары дәлел бола алады. 2021 жылы басшылық лауазымда қызмет атқарып, шешім қабылдайтын әйел ададардың саны 140-ты құрады. Осы нәзік жандылардың 90-ы көпбалалы ана, олардың 4 және одан ада көп балалары бар. 84 әйел адам қатардағы маманнан басшылық құрамға дейінгі лауазымда мансап құрды. 82 әйел адам осы жүйеде 20-дан астам жыл бойы қызмет атқарады.
Жалпы ТЖМ жүйесіндегі жұмыс ұйымшылдықты, атқарушылықты, жауапкершілікті, адалдықты талап етеді.
Әрбір мамандықтың өзіне тән қиындықтары болады. Диспетчерлерде – бұл үш тәулік сайынғы кезекшілік, үлкен қауырт және жауапкершілік жағдайында жұмыс істеу, өрттің алдын алу. Бөлімшенің инженерлерінде – күзетілетін объектілерді инспекциялау, психологтарда-оқиғалар аймағындағы адамдарға шұғыл психологиялық көмек көрсету. Мұның бәрі тіпті ер адамдар үшін де қиын. Қызметтік парызға адалдық, мамандыққа деген сүйіспеншілік, мінездің қаттылығы және елгезектілік құтқару ведомствосының қызметкерлеріне өздерінің қиын жұмыстарын лайықты орындауға мүмкіндік береді.