Азаматтық бастамаларға 650-ге тарта шағын грант бөлінеді

27 Маусым 2022, 21:05
1310
Бөлісу:
Азаматтық бастамаларға 650-ге тарта шағын грант бөлінеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шағын гранттар шеңберіндегі әлеуметтік маңызы бар бастамаларды іске асыру елдің барлық өңірлеріндегі әлеуметтік проблемаларды шешуге ықпал етпек.

Бұл туралы АҚДМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Биыл Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттық жобалар шеңберінде азаматтық бастамаларды іске асыруға 644 шағын грант бөліп отыр.

 Олардың 50-і – ауылдық жерлердегі бастамаларды дамытуға бағытталған. Бұл жобалар өмір сүру сапасын арттыруға және жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін шешуге ықпал етеді деп жоспарлануда.

Шағын грант – бұл мемлекет тарапынан әлеуметтік жобаны дамыту немесе іске қосу мақсатына ұсынылатын жақсы мүмкіндік. Мәселен, ауылдық бастамаларды дамыту жобасы аясында ауыл тұрғындары, азаматтық белсенділер топ болып бірігіп, қандай да бір әлеуметтік мәселені шешуге атсалыса алады. Бұл балалар алаңын салу, балалардың бос уақытын ұйымдастыру немесе қысқа мерзімді тілдік курстарды ашуға қатысты жобалар болуы мүмкін. Шағын гранттарды республиканың кез келген өңірінде тұратын азаматтар иелене алады. Біз қоғам үшін пайдалы бастамалардың кең ауқымына жан - жақты қолдау көрсетеміз, - дейді Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ғалым Құрман.
 

Шағын гранттар волонтерлерді қарттар үйіндегі қарияларға көмек көрсету шараларына тарту, ауылдағы бастамаларды дамыту, халықтың әртүрлі топтарын цифрлық және қаржылық сауаттылыққа оқытуда волонтерлік көмек көрсету, жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру сияқты 20 түрлі бағытты қамтиды.

Шағын гранттар сомасы 300 мың – 1 млн теңгені құрайды.
Қазіргі уақытта әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыратын ҮЕҰ бастамашыл топтардан өтінімдерді қабылдау шараларын жүргізуде.
Шағын гранттар туралы толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алуға болады: https://cisc.kz/kk/category/shaghyn-granttar

Өзгелердің жаңалығы