Көлік министрінің бұйрығымен Салтанат Еркінқызы Томпиева КМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
1977 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Е. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Тулуза бизнес мектебін, ИАТА халықаралық әуе көлігі қауымдастығында білім алған.
Еңбек жолын 1998 жылы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің авиациялық қауіпсіздік секторының жетекші маманы болып бастады.
1998-2003 жылдары – ҚР Көлік және коммуникация министрлігі/Көлік, коммуникация және туризм министрлігі бөлімдерінің бас маманы.
2003-2008 жылдары – ҚР ККМ Азаматтық авиация комитеті Халықаралық қатынастар бөлімінің бас маманы.
2008-2014 жылдары ҚР ККМ ААК бас сарапшысы, бастығы, басқарма басшысы болып жұмыс істеді.
2014-2019 жылдары – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі ААК басқармасының басшысы, бас мемлекеттік инспекторы, басшысы – бас мемлекеттік авиация инспекторы.
2019 жылы – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ААК басқармасының басшысы.
2019-2022 жылдары – ҚР ИИДМ ААК төрағасының орынбасары.
2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ бас директорының орынбасары болды.