Азаматтық бастамаларды қолдау: Президент тапсырмасы қалай орындалып жатыр?

24 Қыркүйек 2021, 15:36
2331
Бөлісу:
Азаматтық бастамаларды қолдау: Президент тапсырмасы қалай орындалып жатыр?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерде ауылдық жерлердегі Азаматтық бастамаларды қолдау тетігін әзірлеуді тапсырды. Осы ретте тапсырманың қалай орындалып жатқаны туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Гүлбара Сұлтанова айтып берді.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды одан әрі жаңғыртудың маңызды факторы - азаматтық мәдениетті дамыту. Ал азаматтық бастамаларды дамытудағы белсенді институттардың бірі - үкіметтік емес ұйымдар. Айта кету керек, ҮЕҰ-ның 49%-ы (10 878) 14 облыста орналасқан. Бірақ Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары олардың қатарына кірмейді, - деді ол.

Дерекке сәйкес 2 994 (13%) ҮЕҰ ауылда тіркелген.

Соңғы 5 жылда ауылда тек 1 513 жоба іске асырылды, қалаларда бұл көрсеткіш 5 еседен асады. Ауылдағы негізгі қажеттіліктер - қаржыландырудың жетіспеушілігі. Осы факторды ескере отырып, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі шағын гранттарды іске асыру арқылы ауылдағы азаматтық бастамаларды қолдау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Мысалы, 3 жыл ішінде (2019-2021 жылдар) бұл мақсаттарға бүкіл ел бойынша 340 шағын грант бөлінді, - деп айтты Гүлбара Сұлтанова.

Оның сөзінше, 14 түрлі орталық құрылды, оның ішінде әлеуметтік шеберхана, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға арналған орталықтар, демалыс орталығы, ұлттық қолөнерді жаңғырту бойынша үйірме.

Сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы, әйелдерге психологиялық және консультациялық көмек көрсету, аутизмі бар балалармен сабақ өткізу үшін 5 кабинет ашылды. 12 балалар және спорт алаңдары мен объектілері салынды, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорт зал, қарт адамдарға арналған салауатты өмір салты секциясы бар.

Биыл 60 шағын грантты іске асыру практикасы жалғастырылды. Биылғы жылы мысал ретінде балалар кафесін, «Baby park» саябағын, қарттарға арналған йога орталығын ашу, иттерге арналған питомник құру, экологиялық жобалар, атап айтқанда, қалдықтарға екінші өмір сыйла және экотуризмді дамыту секілді жобаларды атап өтуге болады. Сонымен қатар ауылдық жерлерде қоғамдық бастамаларды кеңінен қамтамасыз ету мақсатында бұл жеткіліксіз. Өңірлік әкімдіктерді жергілікті бюджеттермен қосу қажет. Осыған байланысты министрлік «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық қаржыландыру операторымен бірлесіп, жергілікті әкімдіктерді 2022 жылға арналған гранттық жобаларды жоспарлау процестеріне тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр, - деп түсіндірді Гүлбара Сұлтанова.

Айтуынша, министрлік алдында ауылдық ҮЕҰ-ның сұраныстарына гранттық қаржыландыру жүйесін бейімдеу, оларды алудың жеңілдетілген режимін енгізу міндеті тұр. Бұл ауылдағы әлеуметтік белсенділікке жақсы серпін береді.

Біздің міндетіміз - ауылдық ҮЕҰ-ға мемлекеттік қаржыландырудың барынша қолжетімділігін қамтамасыз ету. Ол үшін гранттық қаржыландырудың барлық процестерін автоматтандыру жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта министрлік ҮЕҰ-мен бірлесіп, градуирленген гранттар жүйесін енгізуге мүмкіндік беретін заң жобасын әзірледі. Бұл гранттық тақырыптарды іріктеудің тиісті тетігін қамтамасыз етуге, қаржыландыруды реттеуге және үздік халықаралық тәжірибе негізінде әкімшілік ету процестерін жақсартуға мүмкіндік береді, - деп толықтырды Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары.
Өзгелердің жаңалығы