Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Төтенше жағдай режиміне байланысты елорда әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеме жасады.
Қалада тұрғындардың қауіпсіздігі мен тәптіпті қамтамасыз ету мақсатында жедел штаб құрылды. Осы ретте барлығыңызды адамдар көп жиналатын орындарда жиналмауға, диструктивті ағын жетегіне кетпеуге, заңсыз жиындарға қатыспауға шақырамын. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мектеп оқушылары үшін каникул 17 қаңтарға дейін, ал университеттер мен коледж студенттері үшін 24 қаңтарға дейін созылды. Қаладағы банктер мен ХҚКО-нан басқа нысандар сонымен қатар қоғамдық көліктер штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, - деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі.
Айта кетерлігі, елордада кеше түңгі сағат 23:00-ден бастап коменданттық сағат енгізілді. Азаматтар мен көлік қозғалысының жүруіне шектеу қойылды. Жеке мүліктің сақтау және тонаудың алдын алу мақсатындағы шара таңғы сағат 7:00-ге дейін жалғасады.