Азаматтардың бет әлпетін тану мен құқық бұзушылықты анықтау бағдарламасы іске қосылды

3 Маусым 2024, 17:54
328
Бөлісу:
Азаматтардың бет әлпетін тану мен құқық бұзушылықты анықтау бағдарламасы іске қосылды
VIDEO

 Алматы облысында азаматтардың бет әлпетін тану мен құқық бұзушылықты анықтау бағдарламасы іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Алматы облысының полиция департаментінде тәртіп сақшыларымен “TargetAI limited” IT-компаниясының өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті, онда Video Management System бағдарламасының мүмкіндіктері туралы айтылды.

Бағдарлама бейнекамераларды бір интерфейске шектеусіз мөлшерде орталықтандыруға және оларды басқару үшін қолданыстағы бейнебақылау камераларына аналитиканы енгізуге мүмкіндік береді. Аналитикалық мәліметтер негізінде ақылды қауіпсіздік жүйелерін және оқиғалардың нақты болжамдарын құруға болады. Жедел-іздестіру іс-шараларының мақсаттары үшін тұлғалар базасын шектеусіз мөлшерде жүктеу. Платформа ҚР ІІМ ақпараттық жүйелерімен интеграция жүргізуге және бейнеаналитика мен интеграцияның өзіндік алгоритмдерін нақты өз міндеттеріне бейімдеуге мүмкіндігі бар. Сақалдың, көзілдіріктің және басқа атрибуттардың болуына қарамастан, бетті автоматты түрде тану функциясынан басқа, бағдарлама жол қозғалысы ережелерін бұзуды автоматты түрде анықтайды. Сонымен қатар платформа әртүрлі әлеуметтік желілер, ашық деректер көздері арқылы бетті тану жүйесі арқылы іздейді және объект (ізделетін адам) орналасқан фотосуреттерді көрсетеді, – дейді “TargetAI limited” компаниясының өкілдері.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президентінің тапсырмасын орындау аясында Ішкі істер органдарының бөліністері деректер базасын цифрландыру және полиция қызметін цифрландыруды дамыту бойынша жан-жақты жұмыс жүргізуде.

ХХІ ғасыр – ақпараттық технологиялар мен цифрландырудың гүлдену кезеңі. Бүгін біз құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмыстарды жедел ашу үшін цифрландырудың барлық мүмкіндіктерін пайдалануымыз керек, – деп атап өтті облыстық полиция департаментінің бастығының орынбасары Бағдат Әшімов.

Өзгелердің жаңалығы