Азаматтардың әл-ауқатын арттыруға баса мән берілетін болады – Тоқаев

13 Маусым 2019, 15:10
1849
Бөлісу:
Азаматтардың әл-ауқатын арттыруға баса мән берілетін болады – Тоқаев
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының активімен кездесті, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Кездесуге дейін Қасым-Жомарт Тоқаев қалалық Мәслихаттың кезектен тыс отырысында депутаттарға Нұр-Сұлтан қаласының әкімі лауазымына Алтай Көлгіновтің кандидатурасын ұсынып, олардың келісімін алды.

Қазақстан президенті шаһар активімен кездесуде бұған дейінгі Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтановтың атқарған жұмысына жоғары баға берді.

"Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, қала әкімі Бақыт Сұлтановты қызметінен босату жөнінде шешім қабылдадым. Алдымен Бақыт Тұрлыханұлына осындай тарихи әрі жауапты кезеңде өзіне артылған сенімді ақтап, тапсырылған міндетті абыроймен атқарғаны үшін ризашылығымды білдіремін", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың жаңа әкімінің алдында маңызды міндеттер тұрғанын атап өтті.

Азаматтардың әл-ауқатын арттыруға баса мән берілетін болады – Тоқаев

"Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып Алтай Көлгінов тағайындалды. Ол ұйымдастырушылық қабілеті мен біліктілігі жоғары жас маман. Батыс Қазақстан облысында бірнеше жыл табысты еңбек етіп, жергілікті халықтың алдында зор беделге ие болды. Оның білімі мен тәжірибесін ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі қызметіне тағайындау туралы шешім қабылдадым", – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан президенті халықтың өмір сүру сапасын арттыру мәселесіне егжей-тегжейлі тоқталды.

"Азаматтардың әл-ауқатын арттыруға баса мән берілетін болады. Жақын күндері тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған маңызды шешім қабалданады. Бұл үдерістерден астанамыз қалыс қалмауы керек. Керісінше, әлеуметтік мәселелерді шешу ісінде алдыңғы қатарда жүруі қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Азаматтардың әл-ауқатын арттыруға баса мән берілетін болады – Тоқаев

Жиын соңында Мемлекет басшысы жаңа әкімге бірқатар нақты тапсырма берді. 

Өзгелердің жаңалығы