Азаматтарды дактилоскопиялық тіркеу 2023 жылғы 1 қаңтардан басталады

3 Қаңтар 2021, 14:42
1197
Бөлісу:
Азаматтарды дактилоскопиялық тіркеу 2023 жылғы 1 қаңтардан басталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Азаматтарды дактилоскопиялық тіркеу 2023 жылғы 1 қаңтардан басталады, деп хабарланды Polisia.kz сайтында. 

Ішкі істер министрлігі елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты 2021 жылдан басталуы тиіс азаматтарды дактилоскопиялық тіркеу 2023 жылға ауыстырылатынын хабарлады. 

Короновирустық инфекцияның пандемиясына және COVID-19 туындаған эпидемиологиялық жағдайға байланысты азаматтарды дактилоскопиялық тіркеу 2023 жылғы 1 қаңтардан басталады. Тиісті өзгерістер «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» Заңға енгізілетін болады, – деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.


Өзгелердің жаңалығы