Азаматтарды алдап, қомақты қаржыны қалтаға басқан күдіктілер анықталды

11 Наурыз 2024, 19:50
510
Бөлісу:
Азаматтарды алдап, қомақты қаржыны қалтаға басқан күдіктілер анықталды
Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысының полицейлері азаматтарды алдап, қомақты қаржыны қалтаға басқан күдіктілерді анықтады, – деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Полицияға Ақтөбе қаласының тұрғыны алаяқтың құрбаны болғаны туралы арызданды. Тексеру барысында жәбірленушіге онша таныс емес адам Астана қаласынан 7-20-25 бағдарламасы бойынша банк арқылы пәтер сатып алуға көмектесетінін айтып, оның 1,5 млн теңгесін иемденген. Жедел іс-шараларды өткізу барысында полицейлер 30 жастағы астаналық әйелді анықтап, полиция бөліміне жеткізді. 

Күдікті өз кінәсін мойындады. Сондай-ақ қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтық туралы арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, бейтаныс адам оған жер учаскесін сатуға уәде беріп, алаяқтық жолмен 1 млн теңгесін иемденген. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады.

 Ол облыс орталығының 34 жастағы тұрғыны болып шықты. Күдіктінің ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсағаны анықталды. Екі дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы