Азаматтар шешім күтіп отыр. Аймағамбетов денсаулық саласындағы проблемалар жайлы айтты

18 Наурыз 2024, 12:05
391
Бөлісу:
Азаматтар шешім күтіп отыр. Аймағамбетов денсаулық саласындағы проблемалар жайлы айтты
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында депутат Асхат Аймағамбетов денсаулық саласында қандай жұмыстар атқарылып жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутат Ақмарал Әлназарованың Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалғанына 1,5 айдай ғана уақыт болғанын атап өтті.

Әрине кейбір әріптестеріміз, азаматтарымыз, депутаттар үлкен шешімдерді күтіп отыр. Әлі үлкен шешімдерді көріп отырмағандарын айтады. Бірақ бір жағынан 1,5 ай деген сондай үлкен мерзім емес. Екінші жағынан қазіргі уақытта нормативтік-құқықтық актілеріне өзгерістер енгізуге үлкен дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр деп ойлаймыз, - деді Асхат Аймағамбетов.

Оның сөзінше, қазірдің өзінде екі үлкен шешім бар.

Бұл шешімдер өте маңызды. Мұның алдында да әріптестеріміз жалпы практика дәрігерлеріне қатысты мәселені көтерген болатын. Мысалы, бір тиісті маманға бару үшін міндетті түрде терапевттен өтуің керек. Кейде бұл тиімді ме, тиімді емес пе деген сұрақ туындайды. Сондықтан қазіргі уақытта бұл шешім қабылданды. Бірақ... Бізде әрқашан “бірақ” деген мәселе бар. Бірақ бұл шешімнен кейін бізде сызықтық шкаланы алу мәселесі болды. Ол сызықтық шкала алынбады. Сондықтан депутаттардың “оның енді нақты шешімі қандай болады? Бұл популистік шешім емес пе?” деген сұрақтары туындап жатыр, - деп айтты депутат.

Екіншіден, тиісті анализдерді азайту бойынша шешім. Аймағамбетовтің сөзінше, бұл да көптен бері көтеріліп жүрген оңтайлы шешімдердің бірі екенін сарапшылар айтып жүр.

Бірақ мұның да басқа тұсы бар. Ертең науқас емханаға барып, стационарға жатқанда осы анализдерді алуға қосымша ықпал етпей ме немесе одан сайын көбей ме деген үрей де бар, - дейді мәжілісмен отырыста.

Өзгелердің жаңалығы