Азаматқа өзін банкрот деп жариялауына кім көмектесе алады?

30 Қаңтар 2023, 13:14
1505
Бөлісу:
Азаматқа өзін банкрот деп жариялауына кім көмектесе алады?
Фото: ОКҚ

Банкроттық процесті іске асыруға кім көмектесе алады? Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өтіп жатқан брифингте Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтып берді.

Қазіргі таңда қаржы басқарушылары заңнама бойынша көрсетілген. Олар сот банкроттығы рәсімін жүзеге асырады, - деп айтты вице-министр.

Біржанов ол жұмысты іске асыруға кім көмектесе алатынына тоқталды.

  • Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің банкроттық рәсімін жүзеге асыратын әкімшілер;
  • Кәсіби бухгалтерлер;
  • Заң кеңесшілері;
  • Аудиторлар

Оларға қосымша талаптар қойып жатқан жоқпыз. Елімізде кеңінен тараған палаталар арқылы осы тізімге жататындар бізге арыз беру арқылы реестрге қосыла алады. Мамандардың жалақысы заңнамада көрсетілген. Қызметтері ақылы, борышкердің мүлкі есебінен — айына бір ең төменгі жалақыны ғана ала алады. Яғни 2023 жылы бұл 70 мың теңге. Айына осы сомадан артық ақша ала алмайды, - деп түсіндірді Қаржы министрлігі өкілі.

Мүлкі жоқ әлеуметтік осал адамдар үшін қаржы басқарушыларының қызметтерін мемлекет төлейді.

Өзгелердің жаңалығы