Қазақ-қырғыз ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды

15 Наурыз 2020, 14:16
1276
Бөлісу:
Қазақ-қырғыз ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин Қырғызстан Үкіметінің басшысы Мухаммедкалый Абылгазиевпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Қазақстанның Қырғызстандағы төтенше және өкілетті елшісінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әңгіме барысына тараптар қазақстандық-қырғыз ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады.

Үкімет басшылары азаматтар мен тауарлардың кедергісіз өтуі үшін мемлекеттік шекараның қазақстандық-қырғыз учаскесіндегі бақылау-өткізу пункттерінің одан әрі бірлескен және үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету мәселесіне айрықша назар аударды. Бүгінде жүктерді тасымалдау үшін қазақстандық-қырғыз шекарасында ешқандай кедергі жоқ екені атап өтілді.  

Өзгелердің жаңалығы