Қазақстанның орнықтылық қоры KASE-ге шықты

21 Ақпан 2020, 09:45
2128
Бөлісу:
Қазақстанның орнықтылық қоры KASE-ге шықты

Алматы, BAQ.KZ. Қазақстан қор биржасында (KASE) "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ-тың 3 жылдық облигациялардың алғашқы орналастырылуы өтті. 

Сауда-саттық қортындысы бойынша жылдық 10,7 пайыз кіріспен инвесторлардан 16,4 млрд теңге тартылған. ҚОҚ облигацияларын жекеменшік инвесторлар – брокерлік ұйымдар, екінші деңгейдегі банктер және сақтандыру ұйымдары сатып алды, - делінген хабарламада.
Тартылған қаражат "7-20-25" ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы мен "Баспана Хит" ипотекалық өнімін іске асыратын банктердің ипотекалық портфельдерін сатып алуға жұмсалмақ.
Жалғыз акционер – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің шешімімен ҚОҚ-тың оған "Баспана" ипотекалық ұйымы" АҚ-ты біріктіру нысанында қайта ұйымдастырылғанын еске саламыз. Осыған байланысты эмитент "Баспанадан" ҚОҚ-қа ауыстырылды, - делінген хабарламада.
ҚОҚ ипотекалық бағдарламаларды қаржыландыруды бекітілген индикаторлар бойынша жалғастыра бермек. "7-20-25" бағдарламасы бойынша 1 трлн теңгеге ипотекалық қарыздар беру жоспарланған. Қазір оның 150 млрд теңгеден астамы халыққа ипотека ретінде берілді. "Баспана Хит" бағдарламасы бойынша 300 млрд теңгеге ипотека беру көзделген. Оның 160 млрд теңгесі игеріліп үлгерді. Бүгінге дейін қор нарығынан аталған ипотекалық бағдарламаларын іске асыруға 341,4 млрд теңге тартылған.


Өзгелердің жаңалығы