Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Новосибирск мемлекеттік университетінің проректоры, заң ғылымдарының докторы Андрей Макарцев «ҚР Конституциясы – қоғам мен мемлекетті әлеуметтік жаңғыртудың іргелі негізі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда айтты.
Әлемдік тәжірибеде Конституцияның орташа ғұмыры 14 жыл деп айтып жатады. Қазақстанның Конституциясы өміршеңдігін дәлелдеді. Конституцияның негізіне тек заманауи тәртіптер ғана еніп қойған жоқ. Құжат бойынша экономикалық-әлеуметтік жаңғырудың жолын қалыптастырды, - деді ол.
Макарцев айтып өткендей, рсепубликаның құқықтық жүйесінің дамуына бірнеше жыл бұрын жүзеге асырылған конституциялық реформа әсер етті.
Ол саяси жүйенің жаңғыруына әсер етті. Қазақстанда өтіп жатқан саяси, әлеуметтік-экономикалық жаңғыру қазіргі таңда конституцияның өміршеңдігін көрсетеді. Ол құқықтық жүйенің одан әрі дамуының негізі болып отыр, - деді ол.
Айта кетейік, ҚР Конституциясына биылғы 30 тамызда 25 жыл толады.