Қазақстанның алты қаласында ауа сапасы нашарлайды

12 Наурыз 2020, 08:13
1079
Бөлісу:
Қазақстанның алты қаласында ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  12 наурыз күні Қазақстанның алты қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауаның ластануы күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Қазгидрометтің мәліметінше, Қарағанды, Алматы, Шымкент, Балқаш, Нұр-Сұлтан және Теміртау қалаларында жайсыз метеожағдай қалыптасады.

Қазақстанның басқа қалаларында метеожағдай қолайлы болады деп күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Өзгелердің жаңалығы