Қазақстандық және шетелдік энергетикалық компаниялар арасында меморандум жасалды

11 Наурыз 2019, 12:42
3646
Бөлісу:
Қазақстандық және шетелдік энергетикалық компаниялар арасында меморандум жасалды

Алматы, BAQ.KZ.  Францияның Канн қаласында Қазақстан күн энергетикасы қауымдастығы мен Франция ірі электр энергетикалық «Urbosolar SAS» компаниясы арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл туралы қауымдастықтың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекеттік ведомстволардың, ұлттық компаниялардың және іскерлік салалық бизнес-қауымдастықтың өкілдерінен тұратын Қазақстан делегациясын ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі Дарын Тұяқов бастап барған.

«Қазақстан күн энергетикасының қауымдастығы» француздық кәсіби салалық аудиториясын күн электр станцияларын тұрғызу мен пайдалануға берудің табысты тәжірибесінің бірі болып табылатын BURNOE SOLAR-мен таныстырған.

«Форумның жұмысы аяқталған соң, «Қазақстан күн энергетикасы қауымдастығы» мен «жасыл» экономика саласында жұмыс істейтін он үздік еуропалық электр энергетикалық компаниялардың бірі «Urbosolar SAS» компаниясы арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Қазақстан қауымдастығының басшысы Нұрлан Қапенов мырза мен француз компаниясының вице-президенті Поль Керинк мырза осы Форум мен қол қойылған келісім екіжақты жемісті экономикалық ынтымақтастықтпен бірге баламалы энергетика саласындағы озық технологиялармен алмасудың кезекті кезеңі болатынына сенім білдірді», - делінген хабарламада.

Қазақстанның Франциядағы Төтенше және өкілетті елшісі Жан Ғалиев мырза цифрландыру мен баламалы энергетика жөніндегі өткен қазақстан-француз форумын экономикалық әріптестікті табысты және тиімді дамытуға қажетті оқиға ретінде сипаттады.

Сондай-ақ, елші 2019 жылдың екінші жартысына Франция президенті Эмманюэль Макронның Қазақстанға жоспарлаған сапары қарсаңында экономиканың түрлі салаларындағы сарапшылардың екіжақты кездесулері сауда және инвестициялық қатынастардың қосымша серпіні ретінде маңызды екендігін атап өтті.


Өзгелердің жаңалығы