Қазақстандықтар коронавирусқа қарсы өмірлерін сақтандыра алады

2 Наурыз 2020, 12:18
1715
Бөлісу:
Қазақстандықтар коронавирусқа қарсы өмірлерін сақтандыра алады

Алматы, BAQ.KZ. Қытайдан шықан COVID-2019 вирусы қазір әлемнің 50 еліне тарап, халықтың үрейін қашыруда. Осы тұрғыда "Евразия" Өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ коронавирусқа байланысты арнайы полисті іске қосты.


Аталған сақтандыру компаниясы өз өмірі мен туыстарының өмірі үшін қорқатын адамдар үшін 5100 теңгелік жаңа полисті іске қосқан. Егер науқастан қауіпті вирус шыққан жағдайда сақтандыру компаниясы емдік шығынды өтеу үшін 500 мың теңге көлемінде ақша бөледі.
Азаматтарымыз аурудан қайтыс болғанда қаржылай көмектесу міндеттемесін өз мойнымызға алып отырмыз. Егер өмірін сақтандырған адам аурудан көз жұмса оның туыстары 1 миллионнан 10 миллион теңгеге дейін ала алады. Біз сақтандыру сомасын адамдардың өзі таңдайтындай етіп жасадық. Мәселен, 1 млн теңге сомасындағы сақтандыру үшін бар болғаны 10 мың теңге төлеу керек. Яғни сақтаныдру сомасының 1% ғана төлейді. Егер 5 млн теңгелік сақтандыруды таңдаса оған 50 мың теңге төлейді, - дейді "Евразия" Өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ басқарма төрайымы Гүлмира Үбеғалиева. 

Бүгінгі күнгі дерек бойынша коронавирустан Қытайда 2912 адам қайтыс болған және 80026 адам вирусты жұқтырған.
Өзгелердің жаңалығы