Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті мен Ауғанстанның Ұлттық Олимиадалық комитеті арасындағы әріптестік туралы Меморандумға орай жүзуден ауғанстандық спортшыларға арнап, Қазақстанда оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылды, деп хабарлады Olympic.kz.
25-30 қыркүйек аралығында Алматыдағы «Рахат» орталық жүзу бассейнінің аумағында Ауғанстан командасының спортшылары жаттығу жиынын өткізеді. ҚР Су спорты түрлері федерациясының өкілдері шетелдік спортшыларға жүзуден көрсеткішін жақсарту мақсатында жол сілтемек.
Айта кетелік, Азия Олимпиадалық Кеңесінің шешімімен 2016 жылы Ауғанстан және Иран командалары Орталық Азия аумағына қосылды.