Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың қаңтар-қыркүйегінде Қазақстанда жарма өндірісі жыл ішінде 4,6%-ға қысқарып, 58,3 мың тоннаны құрады. Өткен жылдың ұқсас кезеңінде қазақстандық компаниялар 61,2 мың тонна жарма өндірді, жылдық өсім 19,9% — ды құрады. Мұндай деректерді energyprom.kz ұсынды.
Жалпы, 2018 жылы жарма өндірісі 82,5 мың тоннаға жетіп, 2017 жылмен салыстырғанда 17%-ға өсті (70,6 мың тонна). Ең көп қарақұмық жармасы өндірілді: 42,6 мың тонна (жылдық өсім — 46%). Тары жармасы 5,2 мың тоннаны, арпа — 3 мың тоннаны, арпа — 2,9 мың тоннаны, жүгері — 1,4 мың тоннаны құрады.
Биыл жарма өндірісінің төмендеуі бағаның өсуіне әсер етті. Мәселен, 2019 жылдың қазанында ұнтақ жармасының бағасы 1 кг үшін 259,4 теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,3%-ға артық (1 кг — 221 теңге). Ұнтақ жармасы Атырау (кг үшін 398 теңге), Нұр-Сұлтан (кг үшін 370 теңге) және Ақтау (кг үшін 349 теңге) тұрғындарына қымбатқа түсті.
Өз кезегінде тары бағасы бірден 61,3%-ға — килограммы үшін 226,8 теңгеден 365,9 теңгеге дейін өсті. Тарының ең жоғары бағасы Нұр-Сұлтанда (1 кг — 515 теңге), Атырауда (1 кг — 456 теңге) және Семейде (1 кг — 431 теңге) байқалды.
Қарақұмық жармасы бір жыл ішінде 6,7%-ға өсті, әр келісі үшін 265,1 теңгеге дейін. Қарақұмыққа елорда (1 кг — 392 теңге), Ақтау (1 кг — 331 теңге) және Атырау (1 кг — 330 теңге) тұрғындары көп шығындалады.
Қазақстанда сұлы жармалары жыл ішінде 8,4%-ға, килограммы үшін 349,3 теңгеге дейін өсті. Ең жоғары баға Атырауда (1 кг — 440 теңге), Түркістанда (1 кг — 406 теңге) және Алматыда (1 кг — 405 теңге) тіркелді.
Арпа жармасының бағасы бір жыл ішінде 15,4%-ға артып, бір келісі үшін 197,1 теңгені құрады. Оның бағасы Атырауда (1 кг — 309 теңге), Нұр-Сұлтанда (1 кг — 277 теңге) және Қостанайда (1 кг — 247 теңге) қымбат болды.