Қазақстандық гимнаст "Люксембург кубогінде" қола жүлдегер атанды

<p> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;21-23 желтоқсан күндері Люксембургте көркем гимнастикадан "Люксембург кубогі" халықаралық турнирі аяқталды. Аталған сында қазақстандық гимнастар да жүлдесіз қалған жоқ, деп хабарлайды Olympic.kz. </p>

24 Желтоқсан 2019 2019, 23:53
АВТОР
 24 Желтоқсан 2019 2019, 23:53
24 Желтоқсан 2019 2019, 23:53
12648

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21-23 желтоқсан күндері Люксембургте көркем гимнастикадан "Люксембург кубогі" халықаралық турнирі аяқталды. Аталған сында қазақстандық гимнастар да жүлдесіз қалған жоқ, деп хабарлайды Olympic.kz.

Турнирге Қазақстан атынан жалпы есебі 13 спортшы қатысты. Ересектер арасындағы бәсекеде қазақстандық Диана Звонарева қола жүлдегер атанды. Ол көпсайыс қорытындысы бойынша 70,4 ұпай жинаған. Бұл сында алтын медальді Италия, күмісті Израиль гимнастары еншіледі. 

Ал жасөспірім қыздар арасындағы жарыста Аружан Қасенова (61 ұпай) алтын алса, Айдана Мамжан (60,7 ұпай) жетінші орын иеленді. 

 

Наверх