Қазақстандық футболшысы голландиялық клуб сапындағы алғашқы голын соқты

<h4>Нұр-Сұлтан,&nbsp; BAQ.KZ. Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Александр Меркель голландиялық "Хераклес" клубы сапындағы алғашқы голын соқты, деп хабарлады Vesti.kz.</h4>

 10 Қараша 2019 2019, 12:19
10 Қараша 2019 2019, 12:19
7354

Нұр-Сұлтан,  BAQ.KZ. Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Александр Меркель голландиялық "Хераклес" клубы сапындағы алғашқы голын соқты, деп хабарлады Vesti.kz.

27 жастағы футболшы Голландия чемпионатының 13-турындағы өз алаңында өткен "ВВВ-Венло" клубына қарсы матчтың  23-минутында қарсылас қақпасына гол салып, есеп ашты.

Меркель 2018 жылдың жазынан бері "Хераклес" құрамында доп тебеді және бүгін алғашқы голын соқты.

Матч 6:1 есебімен аяқталып, "Хераклес" жеңіске жетті. 13 ойыннан кейін Меркель командасы 21 ұпаймен турнир кестесінде алтыншы орынға көтерілді. "ВВВ-Венло" болса тоғыз ұпаймен 17-орынға жайғасты.
Наверх