Қазақстандық дипломаттар оқушыларға ноутбук сыйлады

14 Тамыз 2020, 20:00
1602
Бөлісу:
Қазақстандық дипломаттар оқушыларға ноутбук сыйлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін қазақстандық дипломаттардың атынан аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған 150 дербес компьютер берді, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.

Сондай-ақ, "Қазақстандық дипломаттар бірлестігі" АҚБ өкілдері ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин басқаратын "Қайырымдылық" ерікті қоғамы" қоғамдық қорымен ынтымақтастық туралы арнайы меморандумға қол қойды.

Рәсім барысында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев қазақстандық дипломаттар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавируспен күрестегі ұлт бірлігіне үндеуін қолдайтынын және мемлекеттің қорғауына мұқтаж адамдарға көмек көрсету үшін ерікті негізде қызметкерлердің жалақысынан қаражат жинауды шешкенін атап өтті.

Алдағы оқу жылында қашықтықтан оқыту формасына көшуге байланысты қазақстандық дипломаттар бірлестігі аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар үшін дербес компьютерлер сатып алу туралы шешім қабылдады. Біздің бастамамызға Сыртқы істер министрлігі орталық аппаратының қызметкерлері, шетелде жұмыс істейтін дипломаттар, біздің елшіліктермен өзара іс-қимыл жасайтын шетел азаматтары да үлес қосты, - деді Ержан Ашықбаев.
Осыған байланысты қазақстандық дипломат "Мейірімділік" ерікті қоғамына осы ноутбуктерді таратуға көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді.

Пандемия әлемдегі білім беру жүйесіне үлкен тәуекел тудырды және оқушылардың бірнеше буынын қамтуға қабілетті дағдылар мен білімнің жоғалуына қауіп төндіреді. Бұрын ешқашан бір мезетте осыншама көптеген балалар мектепке бару мүмкіндігінен айырылған емес, бұл әсіресе халықтың ең осал топтарында оқу процесін бұзады және өмірді түбегейлі өзгертеді.

Бұрын-соңды болмаған жаһандық дағдарыс жағдайында отандық дипломаттардың бұл қайырымдылық акциясы оқытудың үздіксіздігін қамтамасыз етуге, цифрлық теңсіздікті төмендетуге және әрбір қазақстандық бала үшін, әсіресе халықтың неғұрлым осал топтары үшін сапалы білім алуға толық қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған. Осылайша, дипломаттар "ешкім артта қалмайды" қағидаты негізінде іске асырылатын орнықты дамудың жаһандық мақсаттарын ұлттық деңгейде іске асыруға барынша үлес қосуда.

Өз кезегінде Аружан Саин Сыртқы істер министрлігіне көрсеткен көмегі үшін шын жүректен алғысын білдіріп, бұл қазақстандық дипломаттардың қатысуымен өткен алғашқы акция емес екенін атап өтті.

Бұл акцияның жалпы сомасы шамамен 26 миллион теңгені құрады. Ноутбуктер Алматы қаласы әкімдігі Білім басқармасының ұсынысы бойынша таңдалған аз қамтылған отбасыларға таратылады. 

"Қазақстандық дипломаттар бірлестігі" АҚБ өткізетін қайырымдылық акциялары жүйелі түрде өткізіледі. Осылайша, ағымдағы жылдың 26 сәуірі мен 20 шілдесінде отандық дипломатиялық қызмет ардагерлеріне жеке медициналық қорғау құралдары мен қажетті дәрі-дәрмектер жеткізілді. 2015 жылы Қазақстан Республикасы 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған Орнықты даму саласындағы күн тәртібін қабылдады. Білім беру саласындағы тұрақты дамудың мақсаты "жан-жақты және әділ сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлық адамдар үшін өмір бойы оқу мүмкіндігін көтермелеу" деп аталады.

Өзгелердің жаңалығы