Қазақстандық белгілі химик дүниеден өтті

9 Шілде 2020, 12:55
1787
Бөлісу:
Қазақстандық белгілі химик дүниеден өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі ғалым, химия ғылымдарының докторы Еділ Ерғожаұлы Ерғожин дүниеден өтті.

Еділ Ерғожин 1941 жылы Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы) Талдықорған ауданы Екпінді ауылында дүниеге келген.

Химия ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанға еңбегі сіңген ғылым қайраткері. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері. Алматы облысының Құрметті азаматы.

Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін біледі.

Үйленген. Жұбайы - Ерғожина Зеннат Мәмбетқызы, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, "Дәулет" менеджер-экономистер институтының ректоры. 3 қызы, ұлы мен 10 немересі бар.

1957 жылдан Талдықорған облысының Талдықорған ауданындағы Абай атындағы кеңшарында шопанның көмекшісі.
1958-1963 жылдары - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің студенті.
1962 жылдан - ҚазКСР ҒА Химия ғылымдары институтының кіші, аға зертханашысы, аспиранты, кіші ғылыми қызметкері, ғылыми қызметкері, ионалмасу шәйірлер зертханасының меңгерушісі.
1980-1988 жылдары - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің жоғарымолекулапық қосылыстар химиясы кафедрасының меңгерушісі, химия факультетінің деканы (1980-1983), бірінші проректоры (1983-1986), ректоры (1986-1988).
1988 жылдан бері ҚазКСР ҒА Ә.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институтының директоры, 1994-1995 жылдары ҚР ҰҒА вице-президенті.
1999-2002 жылдары - ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі. Қайта құрғаннан кейін - ҚР Білім және ғылым вице-министірі, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің 11-ші шақырылым депутаты, ғылым және техника жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы (1986-1990);
2009 жылдан "Ә.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты" АҚ президенті.

Халықаралық тендерді ұтып (1996), Қазақстанның әр аймағында орналасқан континентаралық баллистикалық СС-18 ракеталарының жерасты қондырғыларын талдау жобасы негізінде жерасты суларының және топырақтың химиялық залалдануын бағалау туралы зерттеулерді уақытынан бұрын еткізген. Институт АҚШ Қорғаныс министрлігінің Қауіпсіздікті төмендету агенттігінің алғыс грамотасымен және 270 мың тұратын құрылғылары бар химия-экологиялық лабораториямен марапатталған.

1971 жылы ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталған.
1976 жылы ҚазКСР Алтын Құрмет Кітабына енгізілген.
1980 жылы "Қажырлы еңбегі үшін" медалі;
1982 жылы Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
1984 жылы "Қазақ КСР Еңбек сіңірген ғылым қайраткері" құрметті атағы;
1991 жылы академик С.И. Вавилов атындағы медалі;
1995 жылы VIII Халықаралық ғылым байқауындағы әл-Хорезми Тегеран;
1998 жылы "Астана" медалі;
2000 жылы "Ғылым қайраткері" номинациясындағы "Жыл адамы"
2000 жылы "Ғылым" номинациясындағы "Платина Тарлан" ең жоғары сыйлығының тұңғыш иегері.
2001 жылы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың алғысымен, "Аптын барыс" белгісімен ескерілген.
2002 жылы Өндіріске қолдау көрсету ассоциациясының медалі (Франция);
2002 жылы РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызметкерлер академиясының «Ғылымға және ғылыми серіктестікке сіңірген еңбегі үшін» алтын медалі;
2003 жылы Өндіріске қолдау көрсету ассоциациясының Наполеон медалімен (Франция);
2003 жылы "Парасат" ордені; (ҚР)
2005 жылы "Қазақстан Конституциясына 10 жыл"
2005 жылы "Қазақстан Парламентіне 10 жыл"
2006 жылы академик С.П. Королев атындағы алтын медалі;
Ғылым маршалының кұрметті атағын алған.
Алматы облысы Ескелді ауданының және Апматы облысының Құрметті азаматты.

Өзгелердің жаңалығы