Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде бөлшек сауда көлемі өткен жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда едәуір артты. Бұл туралы Статистика комитетінен хабарлады.
Бөлшек сауда көлемі 2019 жылғы қаңтар-шілдеде 5949,7 млрд теңгені құрады. 2018 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 5,4% көп.
Аймақтар бойынша тарқатып айтатын болсақ, 2019 жылғы қаңтар-шілдеде республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес Алматы мен (31,7%), Нұр-Сұлтан қалаларына (12,2%), Шығыс Қазақстан (8,9%) және Қарағанды облыстарына (8,8%) келеді.