Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Статистика комитетінің мәліметінше, өткен жылдың шілде айындағы көрсеткішпен салыстырғанда биыл елімізде жаңа тұрғын үй бағасы 5,4%-ға өсті, деп жазды krisha.kz сайты.
Баспана бағасының өсімі 17 өңірде тіркелген. Көрсеткіштің көшін бастап тұрған Көкшетау (+12,8%), Орал (+12%) және Қостанай қалалары (+11,2%).Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында жаңа тұрғын үй бағасы 7,6 и 5,8%-ға көтерілген. Бағаның төмендеуі тек Өскемен қаласында байқалады (-2%). Қалған алты өңірде жаңа тұрғын үй бағасының өсімі тіркелмеді. Соңғы бір айда жаңа тұрғын үй бағасы орташа алғанда 0,2%-ға көтеріліп, 1 шаршы метр үшін 298,9 мың теңгені құрады.
Шілде айының қорытындысы бойынша жаңа тұрғын үйдің бағасы ең қымбаты Нұр-Сұлтан (373,3 мың теңге), Алматы (358,7 мың теңге), Атырау (326,1 мың теңге) қалаларында.
Ең төмен баға – Петропавл, Тараз және Қызылордада. Мұнда 1 шаршы метр тұрғын үйдің бағасы 140 мың теңге.
Ал екінші нарықтағы тұрғын үй бағасына келер болсақ, жыл басынан бері елімізде оған деген сұраныс артып, баға орташа алғанда 6 пайызға өскен.