Қазақстанда жаңа автокөлік сатылымы 33 пайызға өсті

12 Қыркүйек 2020, 05:40
1298
Бөлісу:
Қазақстанда жаңа автокөлік сатылымы 33 пайызға өсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық Автобизнес Қауымдастығының (ҚАБҚ) мәліметтері бойынша, тамызда қазақстандық автодилерлер жалпы сомасы 94,4 миллиард теңгеге 8 639 жеңіл автокөлік мен жеңіл коммерциялық техника (шілдемен салыстырғанда +24 пайыз), сондай-ақ, 1 112 жүк көлігі мен автобус сатқан. 2020 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша, нарық 16,4 пайызға өскен, яғни, барлығы 53 409 автомобиль сатылған (2019 жылдың қаңтар-тамызында 45901 автомобиль).

Тамыз тарихи тұрғыдан сатылымның маусымдық өсімін көрсетті, биыл да өсім байқалады. Оның үстіне, бұл - биыл 9 мыңнан аса автокөлік сатылған екінші ай. Мұндай маңызды нәтижелер, бір жағынан, өткен айлардың кейінге қалдырылған сұранысына, екінші жағынан, дилерлердің қорларын толықтыруна байланысты. Автокөліктерге сұраныс айдан-айға артып келеді, бұл Қазақстан нарығының әлі де шегіне жетпегенін көрсетеді, - деді ҚАБҚ вице-президенті Анар Мақашева.

Барлық сатылымның 67 пайыздан астамын құрайтын алғашқы бестік әлі де өте тығыз. Есептің айда ең көп сатылған жеңіл автокөлік маркалары рейтингінде Hyundai көш бастап тұр - 1697 көлік (2020 жылғы шілдеге қарағанда +37,1 пайыз). Lada сатылған 1 642 автокөліктің нәтижесі бойынша екінші орында (-6,7%). Наурызда нарыққа оралған Chevrolet автокөліктері қарқынды өсіп жатыр, 1 299 көлік сатылған, тамызда олар үшінші орынды иеленді (+258 пайыз). Toyota тамызда 1 173 автокөлік сатып, төртінші орында (+38 пайыз) тұр.

B классындағы қол жетімді жергілікті модельдерге сұраныс әлі де өсіп жатыр, сегменттің бір бөлігі Қостанайдан шыққан Ravon автомобильдеріне тиесілі - тамызда 817 автомобиль сатылған. Kia алтыншы орында, өткен айда 587 (-4,6%) автокөлік сатылған. JAC дилерлері жетінші орында (408 көлік, 148,8 пайыз). Volkswagen 281 көлік сатып, сегізінші орында келеді (24,3 пайыз). ТОП-10 тізімін түйіндегендер - Nissan (247 көлік; +22,3 пайыз) мен Renault (215 көлік; +18,1 пайыз).

Жеңіл көліктер бөлімінде Ravon Nexia R3 бірнеше айдан бері көш бастап тұр - тамызда 730 седан сатылған. Алғаш рет екінші орынға Chevrolet Cobalt шықты - 675 седан. Тамыздағы үздік үштікті 608 көлік сатқан Lada Vesta түйіндейді. Төртінші орында - Hyundai Accent (553 көлік). Бұл тізімге енгендер: Toyota Camry (486 көлік), Lada Granta (460 көлік), Hyundai Tucson (422 көлік), Kia Rio (343 көлік), Hyundai Creta (330 көлік), Lada 4x4 (299 көлік).

Өзгелердің жаңалығы