Қазақстандағы алғашқы дәнекерлеуші робот іске қосылды

1 Қазан 2020, 19:15
2551
Бөлісу:
Қазақстандағы алғашқы дәнекерлеуші робот іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кентау қаласындағы «Кентау трансформатор зауыты» АҚ өндіріс орнында бір уақытта 6 адамның жұмысын атқара алатын жапондық «Yaskawa Motoman» дәнекерлеуші-роботы іске қосылды.

Құны 200 млн теңгеден асатын роботтың басты міндеті – трансформаторларды дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу. Бір дәнекерлеуші маманнның 8 сағатта атқаратын жұмысын робот 20 минут ішінде орындап шығады.

«Yaskawa Motoman» роботы Жапонияда ойлап табылған. Алайда Швецияда құрастырылып, Украина мемлекетінде арнайы өндіріске лайықты бағдарламасы енгізілген. Роботпен жұмыс істеу үшін Кентаудағы зауыттан 3 маман Украина мемлекетіне барып, арнайы іс-тәжірибеден өтіп келген. Болашақта зауытты тағы да осындай роботтармен толықтыру жоспарлануда. Айта кетерлігі, бұл дәнекерлеуші-робот Қазақстанда іске қосылған ең алғашқысы болып отыр.

«Кентау трансформатор зауыты» АҚ өндіріс орнында 1300-ге жуық маман жұмыс істейді. Жылына зауыт 26 млрд теңгенің өнімін өндіріп отыр.
 


Өзгелердің жаңалығы