Қазақстанда темекі өнімдері 12%-ға қымбаттаған

17 Тамыз 2020, 18:50
1767
Бөлісу:
Қазақстанда темекі өнімдері 12%-ға қымбаттаған

Алматы, BAQ.KZ. Елімізде темекі өнімдері бір жыл ішінде 12%-ға қымбаттаған, республикада шылымның бір қорабы орташа есеппен 484 теңгеге дейін өскен. Бұл туралы Energyprom.kz зерттеу орталығы хабарлады. 

Еліміз бойынша әсіресе Ақтөбе тұрғындары темекіні қымбатқа алуда, онда темекінің бір қорабы орташа есеппен 525 теңге тұрады, бұл өткен жылғыға қарағанда 16,9%-ға жоғары. Ең арзан баға Алматыда тіркелген, мұнда темекінің бір қорабы – 458 теңге, бір жылда 4,1%-ға қымбаттаған. 

2020 жылғы қаңтар-маусым аралғында елімізде 7,2 млрд темекі өнідірілген. Ақшалай есептегенде 84,7 млрд теңгенің өнімі шығарылған.

Өзгелердің жаңалығы