Қазақстанда орташа жалақы мөлшері қандай?

1 Тамыз 2020, 10:45
3095
Бөлісу:
Қазақстанда орташа жалақы мөлшері қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы ІI тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 212 035 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі өткен жылғы тиісті тоқсанына 113,7%, ал нақты жалақы индексі 106,5% құрды.

Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу–443,4мың теңге(орташа республикалық деңгейден 2,1 есеге асты), қаржы және сақтандыру қызметінде –386,8мың теңге (1,8 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте –326мың теңге (1,5 есеге асты),ақпарат және байланыс саласында – 273,2мың теңге (1,3 есеге асты), көлік және жинақтау саласында– 233,6мың теңге (1,1 есеге асты) белгіленді. Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығының қызметкерлерінде белгіленді –127,3мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 40% %-ға төмен, - деп хабарлады статистика комитеті.

Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді – 386,4мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,8 есеге асады. Солтүстік Қазақстан облысында мұның шамасы 159,3мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 24,9%-ға төмен.

Өзгелердің жаңалығы