Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі елімізде олжалық аң аулауға рұқсат беретін заңнамалық норма əзірлеуде.
Бірқатар елдерде олжалық аң аулауға рұқсат етіледі. Қазақстанда бұл норма енді ғана пысықталып жатыр. Олжалық аң аулау туризмді дамыту мақсатында жүзеге асырылады. Дегенмен мұндай аңшылықтың нормалары мен түрлері қатаң қадағалануы тиіс,- деп жазды Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Twitter-дегі өз парақшасында.
Экология министрлігі басшысы сонымен бірге, қазіргі сəтте браконьерлік үшін жауапкершілік қатаңдатылғанын еске салды.
Президенттің тапсырмасы бойынша браконьерлік үшін жауапкершілік қатаңдатылды. Сирек кездесетін жануарларды заңсыз аулағаны үшін 12 жылға жаза қолданылады. Бірқатар елдерде олжалық аң аулауға рұқсат берілгенмен, Қазақстанда бұл норма енді ғана зерттелуде. Сондықтан бұл əрекет заңсыз, - деді ол.
Министрдің мұндай пікір білдіруіне əлеуметтік желі арқылы белгілі болғпн браконьерлік фактісі себеп болды.
Əлеуметтік желі арқылы Қарағанды облысында арқар мен елікті заңсыз ату оқиғасы орын алғаны белгілі болды. Заңсыз аң аулаушылар атып алған жануарлардың суретін салған. Қазірде Қарағанды облысы орман шаруашылығы инспекциясының өтініші бойынша құқыққорғау органы бұл адамдарды іздеуде, - деп атап өтті Экология министрі
Оқи отырыңыз: