Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз өкілі Диас Ахметшәріп хабарлады.
Дәл қазір белгілі болғандай елімізде коронавирус жұқтырған тағы бір кісі анықталды. Ол 1958 жылы туылған ер азамат. Кәсіпкер. Ол кісі Алматы қаласына 10 наурыз күні Мәскеу қаласынан ұшақ арқылы ұшып келген. Қазіргі таңда ем қабылдап жатыр. Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласынан да тағы бір әйел кісінің коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Ол Варшава-Нұр-Сұлтан бағытындағы ұшақпен келген. Осымен еліміздегі науқастар саны алтыға жетіп отыр. Оның төртеуі Алматы қаласында, екеуі Нұр-Сұлтан қаласында, – дейді Диас Ахметшәріп.Бұған дейін хабарлағанымыздай кеше ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов екі қазақстандықтан коронавирус анықталғанын айтқан. Кейін ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлағандай, коронавирус белгілерімен тағы бір қазақстандық Германияда ауруханада жатқанын хабарлады. Коронавирус жұқтырған үшінші адам Нұр-Сұлтанда анықталды. Сонымен қатар Германиядан ұшып келген Қазақстанның тағы бір азаматынан коронавирус белгісі анықталды.