Қазақстанда ҮЕҰ үшін мемлекеттік гранттарға қайта конкурс жарияланды

28 Ақпан 2019, 09:42
2559
Бөлісу:
Қазақстанда ҮЕҰ үшін мемлекеттік гранттарға қайта конкурс жарияланды

Астана, BAQ.KZ. «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік гранттарға қайта конкурс жарияланғандығын хабарлады.

«2019 жылы әлеуметтік саланы қолдау және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін мемлекеттен ҮЕҰ-ға 3 миллиардқа жуық теңге бөлінеді. 2018 жылдың 29 желтоқсан күні жарияланған алғашқы байқауға 100 тақырып бойынша 253 ұйымнан 430 өтініш келіп түсті. Конкурс қорытындысы бойынша 46 тақырып өтпей қалды. Осыған байланысты Орталық 2019 жылдың өтпей қалған тақырыптары бойынша қайта конкурс жариялайды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, жастар жылы аясында 24 жобаны іске асыруға бағытталған 2,3 млрд теңгеге қосымша конкурс жарияланды.

Өтініштер 2019 жылдың 28 наурызы күні сағат 18.00-ге дейін қағаз және электронды жеткізгіштермен мына мекен жай бойынша: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Есіл ауданы, Тұран даңғылы, 19/1, 6 қабат, 604 кабинетте қабылданады.

Орталық қызметкерлері өтініш берудің соңғы күніне дейін кеңес беруге дайын. Қосымша ақпаратты www.cisc.kz ресми сайтынан және 8 (7172) 67 81 82, 67 81 91 телефон нөмірлерінен алуға болады.

Өзгелердің жаңалығы