Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан ұлттық допингке қарсы орталығы ресми түрде спортшыларды тестілеуден өткізуді жаңартуда, деп хабарлайды Olympic.kz.
Қатаң карантин режимі кезінде бұл процедура уақытша тоқтатылған болатын. Алайда, 11 мамырдан бастап Қазақстан ұлттық құрамасының өкілдерінен сынама алу қайта басталды.Тестілеу кезінде допинг-бақылау инспекторлары спортшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін барлық ережелерді сақтайтын болады.